Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру: Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасындағы Ашық есік күні

Жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіру: Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасындағы Ашық есік күні

Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ұйымдастырылған ақпараттық кездесу барысында мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа заңнаманың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара барысында қатысушыларға қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты негізгі өзгерістер туралы ақпарат берілді.

Кәсіпкерлерге салықтық рәсімдерді оңайлату шаралары, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған қадамдар туралы кеңінен мәлімет ұсынылды.