Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер және аудан тұрғындары қатысты. Қатысушыларға 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы өзгерістер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, Салық кодексінің жаңа редакциясындағы өзекті тұстарын түсіндірді.
Кездесу барысында салықтық есептілікті жеңілдету, арнайы салық режимдерін жетілдіру, қосылған құн салығын реформалау, жалпыға бірдей декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға алдағы өзгерістерге дайындық бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, бизнес өкілдері мен салық саласы мамандары арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Ашық диалог форматы конструктивті талқылауға мүмкіндік беріп, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарының жаңа салықтық ережелерге алдын ала бейімделуіне жағдай жасады.