Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру: кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні

Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру: кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні

2025 жылғы 09 қазанда Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін «Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен жан-жақты таныстыру болды.

Кездесу барысында мамандар кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңалықтарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша өзгерістерге ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салудың ерекшеліктері, салық әкімшілігін жеңілдету шаралары және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайту туралы толық ақпарат алды.