«Ашық есік күні» Жаңа Салық кодексін түсіндіру іс-шарасы

«Ашық есік күні» Жаңа Салық кодексін түсіндіру іс-шарасы

Сарқан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тұрғындар мен кәсіпкерлерге салық заңнамасына енгізілетін алдағы өзгерістерді кеңінен түсіндіру мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Шара барысында қатысушылар 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің негізгі баптарымен танысты. Мамандар кәсіпкерлерге ҚҚС, КТС, ЖТС секілді басты салықтарды есептеу мен төлеу тәртібіндегі жаңалықтарды егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиналғандар шағын және орта бизнеске арналған салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық тосқауылдарды азайтуға бағытталған шаралар жөнінде толық ақпарат алды.