Ақсу ауданында «Ашық есік күні» өтті

Ақсу ауданында «Ашық есік күні» өтті

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы алдағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен таныстыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа кодексте көзделген нормалар егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша енгізілетін өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер шағын және орта бизнеске арналған салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, және бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар туралы толық ақпарат алды.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.