Қазақстан-Қытай шекарасының жұмыс уақыты

Қазақстан-Қытай шекарасының жұмыс уақыты

🔰Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

📌Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды: Қытай Халық Республикасының Құрылған күніне (2025 жылғы 1–3 қазан) және Күздің ортасы мерекесіне (2025 жылғы 6 қазан) орай қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Аталған күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктердің өткізілуі жүзеге асырылмайды.

♻️Сонымен қатар, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, бұл көлік-логистикалық байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

🖇️Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және азаматтарды өз бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады.