Ескельды ауданында "Ашық есік күні" өтті

Ескельды ауданында "Ашық есік күні" өтті

Ескельды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру.

Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.