
Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер, сондай-ақ жеке тұлғалар қатысты. Қатысушылар салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында салық есептілігін оңайлату, арнаулы салық режимдерін жетілдіру, ҚҚС реформасы, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушыларға өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсынымдар беріліп, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Ашық пікір алмасу форматында өткен шара кәсіпкерлерге мен тұрғындарға жаңа ережелерге алдын ала бейімделуге және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.