Ескелді ауданының салық төлеушілеріне арналған семинар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңашылдықтар

Ескелді ауданының салық төлеушілеріне арналған семинар: 2026 жылғы Салық кодексіндегі жаңашылдықтар

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ескелді ауданының кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін көшпелі семинар өткізді. Іс-шара барысында 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.

Семинарға қатысқан жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен бухгалтерлер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алды.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: салық есептілігі нысандарын қысқарту, арнаулы салық режимдерін өзгерту, ҚҚС-ты реформалау, жалпыға ортақ декларациялау және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.

Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер алдағы өзгерістерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алып, өзекті мәселелерді талқылады.