
2026 жылғы 19 қыркүйекте Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыру болды. Кездесу барысында МКБ өкілдері Кодекс нормаларын түсіндіріп, ҚҚС, КТС және ЖТС сияқты маңызды салықтарды есептеу мен төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударды.
Қатысушылар маңызды жаңалықтар мен өзгерістер туралы, соның ішінде:
шағын және орта бизнес үшін салық салу ерекшеліктері;
салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған шаралар;
бизнес үшін бюрократиялық кедергілерді азайту туралы толық ақпарат алды.
Өткізілген "Ашық есік күні" салық төлеушілерге алдағы салық реформасына уақытында дайындалуға көмектесуге бағытталған ақпараттық науқанның бір бөлігі болды.