Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен үш ай мерзімге келесі тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салынады:
Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалыққызметінің тауар номенклатурасы коды
- ЕАЭО СЭҚТН коды 6801000000 - табиғи тастан жасалған төсем тастар, жиектастар және төсеуге арналған плиталар;
- ЕАЭО СЭҚТН коды 6802230000 - ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранит және олардан жасалған бұйымдар, тегіс немесе біркелкі беті бар кесілген немесе араланған тастар;
- ЕАЭО СЭҚТН коды 6802931000 - салмағы 10 кг немесе одан да көп оюлы емес, жылтыратылған немесе басқадай өңделген гранит;
- ЕАЭО СЭҚТН коды 6802939000 - ескерткіштерге немесе құрылысқа арналған гранит.
Шектеулер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығымен бекітіліп, 2025 жылғы 21 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.