Қаратал ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні

Қаратал ауданында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні

"26.08.2025 ж. Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні өтті, оның шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.