Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілерге арналған «Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларымен қатысушыларды жан-жақты таныстыру болды.
Кездесу барысында мамандар кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңашылдықтарды түсіндіріп, әсіресе қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша өзгерістерге ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар жөнінде толық ақпарат алды.