2025 жылдың 25 тамызынан бастап салық есептілігі Салық төлеуші кабинетінде қолжетімді болады

2025 жылдың 25 тамызынан бастап салық есептілігі Салық төлеуші кабинетінде  қолжетімді болады

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.

2025 жылғы 25-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:

  1. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алу туралы салықтық өтініші;
  2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші;
  3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші;
  4. Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініші;
  5. Қосылған құн салығының асып түскен сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық өтініші.

СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған

Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:

  1. knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы;
  2. 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Назарларыңызға: СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты, көрсетілген нысандары ескі СТК және СӘИЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.