Алакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тұрғындар мен кәсіпкерлердің қатысуымен Ашық есік күні өткізіліп, 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында мамандар негізгі салықтарды – қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібін қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізді. Сондай-ақ шағын және орта бизнеске қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Жаңа нормалардың мақсаты – салықтық рәсімдерді барынша жеңілдетіп, түсінікті ету, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін артық әкімшілік кедергілерді азайту екендігі атап өтілді.