Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні»

Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша «Ашық есік күні»

Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттары түсіндірілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға 2026 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін салық заңнамасының ерекшеліктері таныстырылды. Жаңа құжатта көзделген өзгерістердің ішінде қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және жеке табыс салығы бойынша жаңашылдықтар ерекше атап өтілді.

Кәсіпкерлер салықтық рәсімдерді жеңілдету, шағын және орта бизнеске арналған мүмкіндіктер, сондай-ақ бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықты азайтуға бағытталған шаралар жөнінде кең көлемді ақпарат алды.