2025 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексіне және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 208-VІІІ ҚРЗ Заңына қол қойды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңіне енбеген халықтың қалған санаты міндетті декларациялаудан босатылды:
- зейнеткерлер;
- жеке құрылымдардың жұмыскерлері;
- студенттер;
- үй шаруасындағы әйелдер және т.б.
Ал 270-нысанды ұсыну міндеті кімдерде қалды?
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) кімдер тапсыруға міндетті?
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыруға міндетті:
- мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларынан (қатысушыларынан) басқа олардың жұбайлары-резиденттер;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
- өз бетінше салық салуға жататын кірістер алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен операциялардан түскен кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер), жеке кәсіпкерлердің кірістерінен басқа;
- шетелдік банктерде шоттарында ақша қаражаты бар тұлғалар, егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асса (2025 жылы - 3 932 000 теңге);
- шетелде мүлкі бар тұлғалар, оның ішінде құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүліктер (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары және т.б.);
- меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
- есепті салық кезеңінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлікті, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде сатып алған тұлғалар:
- жылжымайтын мүлік;
- көлік құралдары;
- заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
- бағалы қағаздар;
- туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарынан басқа);
- тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
- инвестициялық алтын.
- салық агентіне өзге де шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.
Енді Заңмен декларацияда мүлікті сатып алу/иеліктен шығару туралы, сондай-ақ сатып алу шығындарын жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті тұлғалардың санаттары толықтырылды. Осылайша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осындай міндет жүктелген тұлғалардан басқа, сондай-ақ:
- банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, инвестициялық және олардың жұбайлары-резиденттері;
- жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары-резиденттері;
- есепті салық кезеңінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті сатып алған тұлғалар тапсырады.
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімі (270.00-нысан)
Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) тұрғылықты (болатын) жері бойынша – декларацияны ұсыну міндеті туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады. 2025 жылы 2024 жылға арналған декларацияны тапсырамыз.
Активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну мерзімі, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің декларацияларын ұсыну жағдайларын қоспағанда, ұзартылмайды.
Жеке тұлғаның салық салынатын кірісінен есептелген ЖТC (жеке табыс салығын) төлеу күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізілетінін атап өтеміз.