Құрметті салық төлеушілер!
Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ БОЙЫНША
🗓️ 2025 ж. 15 тамыз:
🔺 101.03, 101.04 нысандары – 2025 ж. 2-тоқсанына резиденттер мен бейрезиденттердің табысынан төлем көзіне ұсталған КТС бойынша есеп;
🔺 200.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
🔺 300.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына ҚҚС бойынша декларация;
🔺 400.00, 421.00 нысандары – 2025 ж. маусым айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер/объектілер бойынша есеп;
🔺 570.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына экспортқа рента салығы бойынша декларация;
🔺 590.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
🔺 710.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация;
🔺 880.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;
🔺 910.00 нысаны – 2025 ж. 1-жартыжылдығына арналған жеңілдетілген декларация;
🔺 913.00 нысаны – 2025 ж. 2-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.
🗓️ 2025 ж. 20 тамыз:
🔺 328.00 нысаны – 2025 ж. шілде айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША
🗓️ 2025 ж. 20 тамыз:
🔺 2025 ж. шілде айына ЕАЭО аясындағы ҚҚС;
🔺 2025 ж. шілде айына акциз, соның ішінде ЕАЭО-дан импортталған тауарлар бойынша.
🗓️ 2025 ж. 25 тамыз:
🔺 2025 ж. тамыз айына арналған КТС бойынша аванстық төлемдер;
🔺 2025 ж. шілде айында төленген табыстан төлем көзіне ұсталған КТС және ЖТС;
🔺 2025 ж. шілде айында төленген табыстардан КТС және ЖТС;
🔺 2025 ж. шілде айына арнайы мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режиміндегі жеке кәсіпкерлердің табысынан ЖТС;
🔺 2025 ж. 2-тоқсанына бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін КТС, ЖТС;
🔺 2025 ж. 2-тоқсанына ҚҚС, экспортқа рента салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салынатын салық, цифрлық майнинг үшін төлемдер;
🔺 Заңды тұлғалардың жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдері;
🔺 Жер учаскелерін пайдалану, су ресурстарын пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсері, радиожиілік спектрін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру үшін ағымдағы төлемдер;
🔺 2025 ж. шілде айына әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.