Қазақстан шекарадан өтуді жеделдетіп, жеңілдетіп жатыр

Қазақстан шекарадан өтуді жеделдетіп, жеңілдетіп жатыр

Транзиттік әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясат аясында ҚР ҚМ Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 өткізу пунктін ауқымды жаңғыртудан өткізуде.

🔹 2025 жылдың басынан бері 4 жаңартылған пункт іске қосылды:

– «Қалжат» пен «Алакөл» (Қытай Халық Республикасы)

– «Капланбек» пен «Атамекен» (Өзбекстан)

🔹 Жыл соңына дейін мына пункттер жаңартылып бітеді:

«Қазығұрт», «Тажен», «Темір баба», «Майқапшағай», «Бақты»

Жаңартылған өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай және заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бақылау «бір терезе» қағидаты бойынша, артық аялдаусыз, небәрі 30 минутта жүзеге асады.

🚛 Негізгі цифрлық шешімдер енгізілді:

– CarGoRuqsat электронды кезек жүйесі

– Автокөлік хабтары мен транзиттік-логистикалық орталық

– «Кеден» цифрлық платформасы (20 модульдің 13-і жұмыс істеп тұр)

📊 Нәтижелер:

– Өткізу қабілеті 640 мыңнан 1,4 миллион көлікке дейін артты

– Шекарадан өту уақыты 3 есеге қысқарды

ҚР ҚМ шекаралық сервисті цифрландыру, автоматтандыру және дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

➡️ Бұл — ыңғайлылықты, ашықтықты және сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам.