«Чекті талап етіп жүлде ұтып ал!» акциясы

«Чекті талап етіп жүлде ұтып ал!» акциясы

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жалғасатынын хабарлайды. Бұл акция аясында кез келген азамат тауар сатып алып немесе ақылы қызмет алып, ақшалай және бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

❇️Акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем жасалған чектерді тіркеу жеткілікті. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар онлайн-ККМ арқылы берілген фискалды чектер қатысады.

💠2024 жылы акция нәтижесінде келесі жүлделер табысталды:

- 4 iPhone смартфоны

- 13 Redmi 13 смартфоны

- 8 бағалы жүлде

- 220 000 теңге көлеміндегі 40 «100% кэшбэк»

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың белсенділігін арттыру, тұтынушы ретінде өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.

«Amian» қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен тегін жүктеуге болады.