Жетісу облысы бойынша МКД басшысы тағайындалды

Жетісу облысы бойынша МКД басшысы тағайындалды

💠Өмірзақов Ұлан Ерденұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

💠Мемлекеттік кірістер органдарында 2004 жылдан бастап жетекші инспектор лауазымында жұмыс істей бастады. Кейін бас маман, бөлім басшысы, Аудандық басқармалардың басшысы, кеден бекеті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы екі жылда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.