Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қыркүйекте № 36853 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесі бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
М. Такиев
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығына 1 қосымша
|
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тiзбесi
- Андорра Княздігі.
- Антигуа және Барбуда.
- Багам Аралдары Достастығы.
- Барбадос.
- Бахрейн Корольдігі.
- Белиз.
- Бруней Даруссалам.
- Вануату Республикасы.
- Гайана Кооператив Республикасы.
- Гватемала Республикасы.
- Гренада.
- Джибути Республикасы.
- Доминика Республикасы.
- Доминика Достастығы.
- Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
- Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
- Колумбия Республикасы.
- Комор Аралдары Достастығы.
- Коста-Рика Республикасы.
- Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
- Либерия Республикасы.
- Ливан Республикасы.
- Маврикий Республикасы.
- Мавритания Ислам Республикасы.
- Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
- Мальдив Республикасы.
- Маршалл аралдары Республикасы.
- Монако Князьдігі.
- Мальта.
- Солтүстік Мариан Аралдары Достастығы.
- Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
- Мьянма Одағы Республикасы.
- Науру Республикасы.
- Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы мен Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
- Нигерия Федеративтік Республикасы.
- Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
- Палау Республикасы.
- Панама Республикасы.
- Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
- Сан-Марино Республикасы.
- Сейшель Аралдары Республикасы.
- Сент-Винсент және Гренадины.
- Сент-Китс және Невис Федерациясы.
- Сент-Люсия.
- Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мына аумақтар бөлігінде ғана):
1) Ангилья аралдары;
2) Бермуд аралдары;
3) Британдық Виргин аралдары;
4) Гибралтар;
5) Кайман аралдары;
6) Монтсеррат аралы;
7) Теркс және Кайкос аралдары;
8) Мэн аралы;
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
10) Оңтүстік Георгия аралы;
11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
12) Чагос Архипелагы.
- Америка Құрама Штаттары (мына аумақтар бөлігінде ғана):
1) Құрама Штаттарының Виргин аралдары;
2) Гуам аралы;
3) Пуэрто-Рико Достастығы;
4) Вайоминг штаты.
- Суринам Республикасы.
- Біріккен Танзания Республикасы.
- Тонга Корольдігі.
- Тринидад және Тобаго Республикасы.
- Фиджи Республикасы.
- Филиппин Республикасы.
- Француз Республикасы (мына аумақтар бөлігінде ғана):
1) Кергелен аралдары;
2) Франциялық Полинезия;
3) Франциялық Гвиана.
- Черногория.
- Шри-Ланка Социалистік Демократиялық Республикасы.
- Ямайка.
|
|
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығына 2 қосымша
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
- "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 болып тіркелді).
- "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 920 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21289 болып тіркелді).
- "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30877 болып тіркелді).