Әкімшілік айыппұлды есепке жатқызу және қайтару

Мемлекеттік кірістер органы уәкілетті органнан сомаларды қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға қорытынды алған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде төлем тапсырмасын жасайды және қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне жібереді.

📌 Негіздеме құжат:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 «Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсетуді, қазынашылық есепке алу мен мониторинг жүргізу рәсімдерін бекіту туралы» бұйрығы.

📄 Уәкілетті орган 68-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасап, түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін оны мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.

❗ Не істеу қажет?

Бюджетке түсімдерді алуға жауапты уәкілетті органға төлем жасалған жері бойынша төлемді растайтын төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.

Төлеуші – заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсіпкердің) қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы өтінішінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

  1. Өтініш берушінің атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлімшелер, филиалдар үшін) немесе тегі, аты және әкесінің аты (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар үшін);
  2. Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бейрезидент болған жағдайда көрсетеді), банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды (олар бар болған жағдайда);

 

  1. Өтініш берушінің мекенжайы;
  2. Жеке куәлігінің, төлқұжатының немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмірі және оның кіммен берілгені (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар үшін);
  3. Артық (қате) төленген сома түскен, уәкілетті органдар әкімшілік ететін түсімнің атауы;
  4. Қайтарылуға және (немесе) есепке жатқызылуға тиіс сома;
  5. Есепке жатқызылған жағдайда – бюджеттік сыныптаманың коды, артық (қате) төленген сома есепке жатқызылатын бюджетке түсетін түсімнің атауы, мемлекеттік кірістер органының бизнес-сәйкестендіру нөмірі және атауы;
  6. Бюджетке төленгені туралы төлем құжаттарының деректемелері – төлем құжатының нөмірі мен күні;
  7. Бюджетке іс жүзінде енгізілген сома;
  8. Банк шоттарына қайтарылған жағдайда – алушының банк шотының нөмірі және банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды.

 

Дата публикации
11 июня 2026