Артық төлемді қайтару тәртібі

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық төлеушілерде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлем қалыптасқан жағдайда, оны қайтаруға өтініш беру құқығы бар.

Артық төлемді қайтару қызметі электрондық форматта жүзеге асырылады. Ол үшін салық төлеуші Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен жүйеге кіріп, артық төлемді қайтару туралы тиісті өтінішті жолдайды.

Өтініш түскеннен кейін салық органдары тарапынан заңнама талаптарына сәйкес тексеру жүргізіледі. Тексеру нәтижесі бойынша өтініш мақұлданған жағдайда, артық төлем сомасы салық төлеушінің көрсеткен банктік шотына электрондық түрде аударылады.

Айта кету қажет, артық төлемді қайтару қолма-қол түрде жүзеге асырылмайды, барлық төлемдер тек банктік шотқа аудару арқылы қайтарылады.және де 5жумыс күннің ішінде қарастырылады

Бұл қызмет салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мақсатында электрондық түрде ұсынылады.

 

Дата публикации
11 июня 2026