Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті көрсетілетін қызметтер деңгейін және салық төлеушілердің МКО-на сенімін одан әрі арттыру мақсатында келесіні хабарлайды.
2024 жыдың 20-қыркүйегінен бастап көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын айқындау және салық төлеушілердің салық/кеден органдары туралы пікірін айқындау мақсатында Комитет Salyqbot сауалнамасын, атап айтқанда «МКО қызметтерінің сапасы туралы» және «МКО қызметі туралып пікір» сауалнамасын жаңартты.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Salyqbot-қа сыртқы-экономикалық қызметке қатысушыларға жедел көмек көрсету үшін, оның ішінде кеден бекеттерінен өту және тауарларды шығару, сондай-ақ кедендік декларациялардың мәртебесін тексеру мәселелері бойынша «Кеден мәселелері бойынша көмек» жаңа сервисін енгізу жоспарлануда.