Салық әкімшілігінің жаңа ақпараттық жүйесі (ISNA) туралы

Салық әкімшілігінің жаңа ақпараттық жүйесі (ISNA) туралы

      Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін (CӘИЖ) әзірледі. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен функционалды, оның ішінде СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетін іске қосу жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 тамызынан сағат 19.00 бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (Акциз АЖ) өшірілетінін хабарлаймыз.

     2024 жылғы 5 тамызынан бастап бұрын акциздік ақпарат жүйесіне ұсынылған акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (алкоголь, темекі, мұнай өнімдері және биоотын) өндіру мен айналымы туралы декларацияларды ұсыну СӘИЖ-нің салық төлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырылады. СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетінде тіркелу үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту керек. СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінде тіркелу және жұмыс істеу нұсқаулары біздің YouTube арнамызда орналастырылады.

     СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

     Сұрақтарыңыз болған жағдайда, телеграмм чат https://t.me/axcise111 немесе 8(7172)73 55 11 және                           +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.