Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды

     Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша «Qoldau» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды, ол https://tazalau.qoldau.kz сілтемесі бойынша қолжетімді.

     Бұл ақпараттық жүйе өтініш беру мумкіндігін және өтініш берушінің 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базалары арқылы банкроттық, критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді.

     Өтініш беруші осы жүйеде өтініш бойынша мәртебені, уәкілетті органның шешімін көре алады. Сондай-ақ бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған мәліметтерді көреді. Бұл өте ыңғайлы және болашақта ол деректерді түзету үшін белгілі бір органға жүгіне алады.

    Сонымен қатар, «Qoldau» жүйесінде барлық, тілек білдірушілер нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша статистикалық деректерді көре алады.

   Жамбыл облысы бойынша МКД деректеріне сейкес 2024 жылы 26 шілдедегі жағдай бойынша облыс тұрғындарынан соттан тыс банкроттыққа 2 369 өтініш түсті, онын ішінде:

   550 жеке тұлғаға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі басталды;

  1 612 жеке тұлға бас тарту туралы хабарлама алды;

  416 жеке тұлға банкрот деп танылды;

 117  өтініш қаралуда;

 37 өтінішті өтініш берушінің өзі кері қайтарып алды немесе көрсетілетін қызметті беруші тоқтатты.

   Бас тартудың негізгі себебі - қарыз шарттарының кейбіреулерінің талаптарға сайкес келмеуі, онда карыздың өтелмеген уакыты 12 айдан аспайды немесе тұлғаның атында мүлкінің болуы.

   Азаматтарға телефон арқылы 1414 сервисінен соттан тыс банкроттық, процедурасын қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Мұндай хабарламаны алған жағдайда, соттан тыс банкроттық, критерийлеріне сәйкес келген кезде 3 айдан кейін қайтадан өтініш беруге болады.