Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға 03.04.2023 жылдан бастап төлем құжаттарындағы салық төлеушінің БСН/ЖСН және төлемді тағайындау кодын (ТТК) түзетуге қатысты өзгерістерді жеткізеді.
Салық төлеушілердің жеке шоттарында айла-шарғы жасау фактілерін болдырмау мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі мәтінде – Комитет) салық төлеушінің БСН/ЖСН өзгерту мүмкіндігіне жол бермеуге бағытталған Орталықтандырылған біріктендірілген жеке шоттар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі мәтінде - ОБЖШ АЖ) пысықтаулар жүргізу туралы шешім қабылдады.
ОБЖШ АЖ-де жоғарыда көрсетілген жаңартудан кейін салық төлеушінің (салықтық бұйрықтарды орындау шеңберінде жеке тұлғаның салық берешегінің сомасын аударатын жеке сот орындаушысы, құрылымдық бөлімшеге аударатын бас ұйым, банк шотынан борышкердің салық берешегі өндіріп алынған дебитор және т.б.) БСН/ЖСН өзгерту қолжетімсіз болатынына назар аударамыз.
Бұл ретте төлем тапсырмасының «Төлем мақсаты» жолында көрсетілген салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша жеке шоттарға төлемдерді автоматты түрде тарату осы жолда бір БСН/ЖСН көрсетілген кезде өзгеріссіз жүзеге асырылатын болады.
«Төлем мақсаты» жолында бірнеше салық төлеушілердің БСН/ЖСН көрсетілген кезде тарату «Ақша жөнелтуші» бойынша жүргізіледі.
Салықтық бұйрықтарды орындау шеңберінде ЖСО аударылатын сомаларды дұрыс тарату мақсатында және жеке тұлғалардың жеке шоттарына бір төлеммен бірнеше борышкерден өндірілген салық берешектерін автоматты түрде енгізу мақсатында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасына борышкерлер бөлінісінде сомаларды міндетті түрде ашып көрсетіп және олардың ЖСН көрсете отырып, бюджетке ақша аударуға арналған төлем құжатын толтыру үлгісін жолданған болатын (төлем тапсырма үлгісі қоса тіркеледі).
Төлемдердің дұрыс таратылмауын болдырмау және төлемдердің анықталмаған сомаларын қысқарту мақсатында төлем тағайындауда БСН/ЖСН көрсетілуінің дұрыстығына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын сақтау қажет екенін еске саламыз.
Салық төлеушінің БСН/ЖСН-ін өзгерту мүмкіндігін бұғаттау бөлігінде ОБЖШ АЖ-де жаңарту 03.04.2023 жылдан бастап жоспарланып отыр.