Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №85-VII ЗРК Заңына қол қоюға байланысты салық заңнамасының негізгі өзгерістері бойынша шолу хат жолдайды.
«Салық төлеушінің төлқұжатын» енгізу
Салық кодексін 1-бабын 57-1) тармақшамен және 75-1-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық төлеушінің төлқұжаты» ұғымы халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және басқаларды ақпараттандыру үшін салық органдары қалыптастырған салық міндеттемелерін орындау туралы мәліметтерге ашық қол жетімділікті ұсыну мақсатында енгізілген.
Салық төлеушінің төлқұжаты қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілермен бақылау-касса машиналары орналастырылған және халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерде орналастырылады.
«Салықтық мобильді қосымша» ұғымын енгізу
Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 63) тармақшасымен, 73-бабы 5-тармағының 5) тармақшасымен, 115-бабы 1-тармағының 2) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салықтық мобильдік қосымша» ұғымы енгізілді, ол арқылы жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің есептелген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің бар сомасы туралы мәліметтер берілетін, сондай-ақ салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарламалар тапсырылатын болады.
Екінші деңгейдегі банктердің міндеттерін кеңейту
Салық кодексінің 24-бабы 19) және 21) тармақшаларымен толықтыру (2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін мәліметтерді беру бөлігінде қосымша:
мобильді төлемдер арқылы ағымдағы шотқа түскен күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары бойынша;
ай сайын жекелеген арнайы салық режимдерін қолданатын және осындай мәліметтер бойынша банктік құпияны ашуға келісім бере отырып, «е-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланатын ДК банктік шотына келіп түскен қорытынды сомалар бойынша міндеттер енгізілді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осындай мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы бұйрықты әзірлеуде.
Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасымен толықтыру («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабымен осы норманы қолданысқа кезең-кезеңімен енгізу көзделген)
Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін мәліметтерді беру бөлігінде қосымша міндеттер енгізілді:
дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар бойынша белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша жүргізіледі.
GOOGLE салығын әкімшілендіру
Салық кодексін 24-бабы 22) тармақшамен толықтыру (2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулер екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органға шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына және бөлігінде жеке тұлғалар жүзеге асырған күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты беру міндетін көздейді.
Министрлік Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша осындай ақпаратты беру тәртібін, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы бұйрық дайындауда.
Салық кодексін 24-1-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулер төлем ұйымдарының уәкілетті органға шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына және бөлігінде жеке тұлғалар жүзеге асырған күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты беру міндетін көздейді.
Салық кодексін 30-бабы 3-тармағының 11-1) тармақшасымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулер уәкілетті органның шетелдік интернет-компаниялардың бөлігінде және пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат алу мақсатында салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, төлем ұйымдарына беруді көздейді.
Салық кодексінің 777-бабының 1-тармағын жаңа 3) тармақшамен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын шетелдік компанияларды салықтық әкімшілендіру мақсатында мерчант ID жаңа ұғымын енгізуді көздейді.
Салық кодексінің 778-бабының 1-тармағын жаңа 4-1) тармақшамен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету жүзеге асырылатын шетелдік компаниялардың қосымша деректемелерді, оның ішінде осындай шетелдік компанияларды шартты тіркеу мақсатында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын мерчент ID деректерін ұсынуды көздейді.
Салық кодексінің 779-бабы 4-тармағының жаңа редакциясы (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Енгізілген өзгерістер нормаларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес келтіруді көздейді.
Салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту
Салық кодексінің 51-бабының 1-тармағына өзгерту енгізу (2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулер салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша бір жылдан астам мерзімге бөліп төлеуді салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге салып және (немесе) банк кепілдігімен ғана ұсынуды көздейді.
Салық кодексінің 52-бабы 2) тармақшасын жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйі кепіл нысанасы бола алмайтын ережелермен толықтыру.
Көрсетілген түзетулерді іске асыру мақсатында Министрлік «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 шілдедегі №665 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді дайындауда.
ҚҚС төлеушілердің қызметтерін тоқтату тәртібін оңайлату
Салық кодексінің 59 бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 66-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына өзгертулер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салықтық есептіліктің деректеріне сәйкес талап қою мерзімі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүргізбеген ҚҚС төлеушілерге таратылудың жеңілдетілген тәртібін қолдану көзделген.
Бақылау-касса машиналарын қолдану
Салық кодексінің 165-бабын 1) тармақшамен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ақшалай есеп айырысулар» ұғымына, оның ішінде мобильді төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар да енгізіледі.
Мобильді төлемдер арқылы жүзеге асырылатын тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн-БКМ қолдану мақсатында.
«Мобильді төлемдер» ұғымы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41-1) тармақшасымен енгізілді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабы кәсіпкерлік субъектілері үшін тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін банктік шотқа қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған ағымдағы банктік шотты пайдалану міндетін көздейтін 3-1) тармақшамен толықтырылады.
Салықтық бақылаудың өзге де нысандары
Салық кодексінің 69-бабының 4-тармағын

тармақшамен және 176-1-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тауарлар айналымының қадағалануы» мемлекеттік бақылаудың жаңа өзге нысаны енгізілуде. Бұл норманы енгізу Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге 2019 жылғы 29 мамырда қол қоюға байланысты.
Тауарлар айналымының қадағалануы сынауға жататын тауарлардың есебін ұйымдастыруды, Ұлттық қадағалау жүйелерін пайдалана отырып, осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды көздейді. Ұлттық қадағалау жүйесі ЭШФ АЖ болып табылады. Салық төлеушілер үшін электрондық құжаттар түрінде ілеспе құжаттарды ресімдеу бойынша міндеттер көзделеді.
Салықтық есептілікті ұсыну
Салық кодексінің 208-бабы 9-тармағын жаңа абзацпен толықтыру (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулер салық агентінің бейрезиденттің табысының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігін ұсынбау құқығын көздейді.
Шегерімдер
Салық кодексінің 232-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына және 250-бабының 6-тармағына өзгерістер енгізу
Өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерді қоспағанда, кредиттік серіктестікке берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар шегеруге құқық беру.
Барлық кредиттік серіктестіктер қаржы ұйымдарына жататындығына байланысты, сондай-ақ АӨК-ні қаржыландыру саласында жұмыс істейтін барлық кредиттік серіктестіктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататынын есепке ала отырып, олар қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қалыптастыруға міндетті.
Акцизделетін тауарларды әкімшілендіру
«Акциз маркалары» термині «сәйкестендіру құрылғылары» терминіне өзгертілді
Салық кодексінің 142-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, 172-бабына, 464-бабының 2-тармағына, 465-бабының 6-тармағына, 469-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына, 480-бабының 2-тармағына өзгертулер енгізілді (2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді)
2020 жылдың 1 қазанынан бастап цифрлік таңбалау енгізілуіне байланысты, акциз маркалары сәйкестендіру құрылғыларына ауыстырылады.
«Шарап материалы» және «сыра мен сыра сусыны» терминдері «толысылған шарап» және «сыра қайнату өнімі» терминдеріне өзгертілді
Салық кодексінің 172-бабына, 394-бабына, 463-бабына, 467-бабының 1 және 2 тармақтарына, 475-бабының 4-тармағына, 554-бабының 4-тармағына өзгертулер енгізілді (2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді).
Түзетулер Еуразиялық экономикалық одақтың «алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен (ЕАЭО ТР 047/2018) сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отыр.
Алкоголь өнімдерін отандық өндірушілер үшін акцизді кейін төлеуді енгізу
Салық кодексінің 172-бабына, 475-бабының 4-ші және 4-1- тармақтарына өзгертулер енгізілді (2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді).
Акцизді кейін төлеу ЕАЭО мүше мемлекеттерде қабылданған. Акцизді алдын ала төлеу отандық өндірушілерді бәсекелестерге қарағанда тең емес жағдайға қояды.
Түзетулерге сәйкес, өндірушілерге акцизді төлеудің екі жолы қарастырылған: бақылау есепке алу маркаларын (БЕАМ) алғанға дейін және Салық кодексінің 172-бабымен көзделген тәртіппен БЕАМ нысаналы пайдалану міндеттемесі ұсынылған жағдайда акциз тиеп-жөнелту күні күні төленетін болады.
Аталған шара отандық алкоголь өндірушілеріне қолдау болып, импортталған алкоголь өнімінің көлемін азайтуға мүкіндік береді, арақ өнімінің өндірушілерін темекі мен сыра өнімдерінің өндірушілерімен тенестіріп, екінші жүйедегі банкілерден алынған айналымдағы қаражаттарды босатады.
5-BEPS «Зиянды салық практикасына қарсы іс-қимыл» стандартын енгізу
Салық кодексінің 293-бабының 4-3-тармағына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі):
- осы тармақта белгіленген шарттар бұзылған жағдайда «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген күнінен бастап емес, осындай бұзушылыққа жол берілген салық кезеңі басталған күнінен бастап қолдануы;
- «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің Ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын қатысушыларының корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бойынша, егер олар экономикалық мазмұн талаптарына және нексус тәсіліне сәйкес келмеген жағдайда салықтық жеңілдіктерді қолдануын шектеу.
Министрлік Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісім бойынша зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кірісті айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрық әзірленуде, оған есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылады.
Салық кодексінің 299-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізу және жаңа 4-1-тармақпен толықтыру (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы түзетулермен 5-BEPS стандартын енгізу шеңберінде зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету тәртібін белгілеуге байланысты КТС-ты 100 пайызға азайту қолданылатын «зияткерлік меншік объектісі үшін залал» ұғымы нақтыланады. ЭЫДҰ талаптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша залалды айқындау бойынша нақтылаулар енгізіледі.
Салық кодексінің 300-бабын 15-тармақпен толықтыру (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету 5-BEPS стандартын енгізу шеңберінде зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және КТС-ті 100 пайызға азайту қолданылатын ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету тәртібін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізуге байланысты салық салынатын кірістерді/залалдарды сәйкестендіру мақсатында енгізілді. Норма зияткерлік меншік объектісі бойынша залалды өтеу тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
Салық кодексінің 709-бабының 4-тармағына өзгерістер енгізу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету тәртібін көздейді, оған салық кодексінің 293-бабы 4-3-тармағына енгізілген өзгерістерге ұқсас арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының КТС-ты 100 пайызға азайтуы қолданылады.
Министрлік Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісім бойынша Зияткерлік меншік объектілерінен түсетін кірісті айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрық әзірленуде, оған есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылады.
ҚҚС есепке алу әдісінің қолданылу мерзімін ұзарту
Салық кодексінің 427 және 428-баптарына, сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 4) тармақшасына өзгерістер енгізу (2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетулерде Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар тізбесінен, ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін пестицидтерді, асыл тұқымды малдардың барлық түрлері мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтарды, тірі ірі қара малды алып тастау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өндіріс құралдары бойынша есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға ҚҚС төлеуді 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту көзделінген.
ҚҚС әкімшілендіру
Салық кодексінің 104-бабының 1 және 2-тармақтарына, 146-бабының 7-тармағына, 152-бабының 7 және 17-тармақтарына, 386-бабының 2-тармағына, 429-бабының 5 және 6-тармақтарына, 431-бабының 1 және 2-тармақтарына, 432-бабының 4-тармағына өзгерістер енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Өзгерістер ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшеліктерін көздейтін Салық кодексінің 433-бабын алып тастауға байланысты енгізілді.
Осы нормаларды іске асыру үшін Министрліктің мынадай:
«Қосылған құн салығының асып кеткен сомаларының және тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы №118;
«Дербес шоттарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы"қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 27 ақпандағы №306;
«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы №391;
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384;
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 20 қаңтардағы №39 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Экспорттаушыларды Қазақстан Республикасының аумағында валюталық түсімді өткізуге ынталандыру мақсатында салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілеріне ҚҚС асып кеткен сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде оңайлатылған қайтаруды көздейтін толықтыру енгізілді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша көрсетілген норманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуде, онда салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі айқындалатын болады.
Сондай-ақ, Министрлік Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы салық органдарына қорытынды беру тәртібі мен нысанын бекіту туралы бұйрық әзірлеуде.
ЕТЖ-ны АЕК-ке ауыстыру
Салық кодексінің 484-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына (СК 345, 346, 360-баптары) өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салық салынатын кірісті айқындау мақсаты үшін көрсеткіштерді ең төменгі жалақы мөлшерін айлық есептік көрсеткіш баламасына ауыстыру.
Көлік құралдарына салынатын салық
Салық кодексінің 492-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларына өзгерістер енгізу (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қолданыстағы салық заңнамасы салық салу мақсатында шағын вагондарды қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық салынатын автомобильдер ретінде қарастырады.
Пандемия жағдайында шағын және орта бизнестің шығындарын азайту мақсатында шағын көлемді фургондарды жүк көтерімділігіне байланысты салық салу тәртібімен жүк автомобильдеріне жатқызу көзделген.
Ең жоғары рұқсат етілген массасы 3 500 килограмнан кем «B» санатындағы көлік құралдары Салық кодексінің 492-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ставкалар бойынша салықты есептеу жүргізілетін жүк автомобильдеріне жатқызылатын болады.
Ядролық қауіпсіздік аймағы үшін преференциялар
Салық кодексінің 497-бабының 3-тармағын 5) тармақшамен толықтыру (ядролық қауіпсіздік аймағын құруды және оның жұмыс істеуін реттейтін заңнамалық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Жер салығы салынбайтын жерлер санаттарының тізбесін толықтыру: ядролық қауіпсіздік аймақтың жерлері.
Салық кодексінің 519-бабының 3-тармағын 9) тармақшамен толықтыру
Ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында орналасқан және радиоактивті қалдықтарды орналастыру және ядролық физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ғимараттар мен құрылыстардың мүлкіне салық салуға жатпайтын объектілердің тізбесін толықтыру.
Салық кодексінің 577-бабын 2-1-тармақпен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында ядролық сынақтар жүргізу нәтижесінде пайда болған радиоактивті кірістерді орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларына 0 коэффициентін белгілеу.
Мүлік салығы
Салық кодексінің 529-бабының 3-тармағына өзгерту енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзету көп пәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке мақсатта пайдаланылатын қоймаларға Салық кодексінің 531-бабына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мүлік салығы үшін айқындайтын құнына қарай ұқсас тұрғын үйлерге ставкалар бойынша (прогрессивтік шкала) салық салуды көздейді.
Осындай қоймаларға ие жеке тұлғаларда СЕН 700.00 ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды.
Салық салу мақсаттары үшін осындай қоймалар бойынша бағалау құнын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ беретін болады, мүлік салығын есептеу мен есептеуді комитет осындай құн негізінде жүргізетін болады.
Сондай-ақ, бұл түзету тұрақ орнына салық салу тәртібін нақтылайды.
Салық кодексінің 528-бабының 1) тармақшасын толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұрақ орындарының мүлкіне салық салу объектісі деп тану бөлігінде нақтылайтын түзету.
Алымдар, төлемдер, мемлекеттік баждар
Салық кодексінің 552-бабының 1-тармағына өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қолданыстағы норманы жергілікті атқарушы орган және алым төлеушілер құжаттарын беретін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толықтырды.
Халықаралық тасымалдаушылар үшін алым мөлшерлемесін ұлғайту
Салық кодексінің 554-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына өзгерту енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының автожол төсемін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды жабу және шетелдік автокөлік құралдарының атмосфераға ластаушы заттардың (пайдаланылған газдардың) шығарылуымен байланысты шығыстарды жабу мақсатында халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдары үшін Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (кеткені), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті үшін алым мөлшерлемесін 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке ұлғайту.
Салық кодексінің 606-1-бабына өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Цифрлық майнинг үшін төлемақыны тиімді әкімшілендіру мақсатында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың орналасқан жері және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтер беруін көздейтін өзгерістер енгізілді.
Министрлік төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, олардың орналасқан жері және электр энергиясының көлемі туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы бұйрық әзірлейді.
Салық кодексінің 610-бабы 1-тармағының 4) және

тармақшаларына және 2-тармағына өзгерістер енгізу
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) нормаларына нақтылау және сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 610-бабына «әкімшілік талап қоюлар» бойынша соттарда мемлекеттік баж мөлшерлемесін айқындау бөлігінде толықтырулар енгізіледі (ӘРПК 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді).
ӘРПК «әкімшілік талап қою» ұғымын енгізеді, сондай-ақ нысанына және ұсыну негіздеріне қарай бөлінетін әкімшілік талап қою жүйесі (дау айту туралы талап, мәжбүрлеу туралы талап, іс-әрекет жасау туралы талап, тану туралы талап) белгіленеді.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 29-тарауы («Мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу») ӘРПК-ге ауыстырылды.
Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекеттерін қарау шеңберінде әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыру тәртібі ӘРПК нормаларымен реттеледі. Яғни, ӘРПК жеке санатқа бөледі – әкімшілік талап.
АСР және БЖТ
Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде қызмет түрлерін шектеу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салық кодексінің 683-бабы қызмет түрлерінің тізбесімен толықтырылған (маркетингтік қызметтер, сауда базарын жалға алу және пайдалану, кәсіпкерлік қызметте (тұрғын үйлерді қоспағанда) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, сауда объектілерін (сауда базарларын) қосалқы жалға беру және осындай жалға алынған объектілерді басқару, бір қонақ үйдің немесе осындай қызметтер көрсетілетін жеке тұрған ғимараттың аумағында қонақ үй қызметін көрсету саласында екі немесе одан да көп салықтөлеушінің қызметі), оларды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін (АСР) қолдануға құқығы жоқ.
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін АСР-дан алып тастау ҚҚС ретінде есепке қоюды болдырмау және тиісінше осы салық бойынша салық міндеттемелерінің туындауын, сондай-ақ кейіннен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшу қажеттілігімен АСР қолдану үшін белгіленген табыстың шекті мөлшерінен асып кетуін болдырмау үшін жүргізілетін бизнесті бөлшектеу жолымен (оның ішінде қосалқы жалдау тетігін пайдалана отырып) салықтық оңтайландыру схемаларын алып тастау мақсатында енгізілді.
Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер жүзеге асыратын қызмет түрлерін шектеу
Салық кодексінің 774-бабының 3) тармақшасына толықтырулар енгізу (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түзетуде АСР-ге ұқсас БЖТ төлеу шеңберінде қызметті жүзеге асыру бойынша шектеулер енгізу көзделген.
Осылайша консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтер, бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет, сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржылық, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі, құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет сияқты қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар, агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметтер көрсететін тұлғалар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖТ төлеушілер болып танылуға құқылы емес.
Инвестициялық басым жоба және инвестициялар туралы келісім.
Салық кодексінің 712-бабы 1) тармағыны4 1) тармақшасына және 712-2-бабы 6-тармағына өзгерістер енгізу (2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі)
Инвестициялық басмы жобаны және инвестициялар туралы келісімдерді еске асыру кезінде корпроративті табыс салығы бойынша 100 пайызға азайтуды қолдану тәртібіне жаңа өндірістер ретінде енгізілген, инвестициялық жоба шеңберінде кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы кіріс алу шартымен осындай азайтуды қолдану бөлігінде нақтылаулар енгізілді.
Салық заңнамасының тұрақтылығы
Салық кодексінің 21-бөлімін жаңа 80-2-тараумен және 712-4 және 712-5-баптармен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салық кодексінің 21-бөлімі тиісті шарттар сақталған кезде инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғалар үшін салық заңнамасының тұрақтылығын көздейтін «Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу» 80-2-тарауымен толықтырылды.
Арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР қолданатын адамдарды 3 жылға салықтарды төлеуден босатуды тарату
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-4-бабына толықтыру енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Көрсетілген баптың ережелері шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданатын субъектілерге таралатындықтан, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР енгізілетінін ескере отырып, 57-4-бапқа қосымша жаңа АСР қолданатын тұлғаларға да 3 жылға салық төлеуден босатуды тарату көзделеді.
Тексерулер бойынша өтпелі кезеңдер
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын 57-10-бабымен толықтыру (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Экологиялық кодекске қоршаған ортаға эмиссия төлемі бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша тексеру жүргізу құзыретін мемлекеттік кірістер органдарына өткізу бойынша түзетулер енгізуіне байланысты 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған кешенді салықтық тексерулер бойынша өтпелі кезең қарастырылған, осындай салықтық тексерулер қоршаған ортаға эмиссия төлемі бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесін қоспай аяқталады.