ЖАДЫНАМА. Қашықтықта ЭЦҚ қалай алуға болады
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) электрондық үкімет порталын (Egov) пайдалана отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" ХАҚ-қа өтінім берілетін қашықтықтан алуға болады.
Ол үшін сізге қажет:
- өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат) немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
- кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар ұялы телефоныңыз болуы тиіс;
- дербес компьютерде веб-камера болуы керек;
- ЭЦҚ-ны одан әрі орнату және пайдалану үшін қажетті NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату.
ЭЦҚ алу тәртібі:
1. Дербес компьютерден (веб-камерамен) немесе ұялы телефоннан Egov электрондық үкімет порталына кіру;
2. «ЭЦҚ қашықтықтан алу» функционалын таңдау;
3. Бұдан әрі "Қызметке онлайн тапсырыс беру" функционалын таңдау (егер бірінші рет - веб-камераға кіруге рұқсат беру, "Дайын" таңдау және бетті қайта жүктеу.
4. Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз, мобильді азаматтар базасында тіркеуден өтуіңіз қажет. Ол үшін Egov сайтында төменгі оң жақ бұрышында виртуалды ассистентті таңдау қажет. "Виртуалды көмекші" түймесін басыңыз. "ХҚКО Бейнеқоңырау" қосымша бетін таңдап видеооператордың жауабын күтіңіз.