
🔰 17.06.2026ж. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің байланыс орталығында 📷«баспасөз-конференция» өтті.
🎤Спикерлер: Нурмаханбетов Ерлан Мирамбекович – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің «Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы» басқармасының басшысы
Парманов Талғат Паршынбекұлы – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің «жаңама салықтарды әкімшілендіру» басқармасының басшысы.
🔷Тақырыптары:
1) Кеден саласындағы құрылған мобилды топтардың қызметімен таныстыру жарақтандырылуы және олардың әрекет ету ережелері;
2) Мемлекеттік кірістер органдарының көленкелі экономикаға қарсы күрестің нәтижелері туралы.
Эфирдің толық нұсқасын⬇️сілтеме арқылы көре аласыздар:
Ютуб: https://www.youtube.com/live/gwPhKokBl5Q
Мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 10 қазандағы №592 бұйрығына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет аймағында департамент қызметкерлерінен құралған кедендік бақылау аймақтарында және одан тыс жерлерде әрекет ететін көшпелі (мобилды) топ құрылды.
Мобилді топтардың негізгі міндеттеріне – Мемлекетіміздің Экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының, кеден заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және бақылау - жүктелген.
Қазіргі таңда бұл мобильды топтар тиісті құрал жабықтармен оның ішінде үш арнайы көлік құралдарымен жарақтандырылған, мобилды топта Департаменттің 16 қызметкерлері бар, тиісті жұмыс кестесі бекітіліп жұмыстар жүргізілуде. Бұл мобилды топ облысымыздың тек шекара бар жерде ғана емес, кез келген жерде заң аясында жұмыстарды атқарады (көлік құралдарын тоқтату, тиісті тексерулер мен қарау жүргізу).
Көленкелі экономикаға қарсы күрестің бөлігінде - Департамент тарапынан көленкелі экономикаға қарсы барлық бағыттар бойынша шаралар қолданылуда, оның ішінде салық тәртіпті нығайту мақсатында «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте»! жобаны іске асыруда.
Белсенді түсіндіру жұмыстары іске асырылуда.
Әзірленген мобильды қосымша арқылы сауда орындарда орналасқан QR кодын қолдана отырып Департаментке кері байланысқа шығуға мүмкіндік бар (мысалы: чектердің берілмеуі; банк картасымен төлем қабылдаудан бас тарту; алкоголь және темекі өнімдерін акциздік маркасыз сату және басқа да фактілер бойынша).
Бір қатар бағыттар бойынша оң нәтижелер бар.
@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня #мобилдытоп #теневаяэкономика #прессконференция
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы