Көлік құралдарына салынатын салық

Көлік құралдарына салынатын салық

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ

Жеңіл автомобильдердің пайдалану мерзімі 10 жылдан асқанда түзету коэффициенті – 0,7, 20 жылдан асқанда – 0,5 қолданылады.Шаруа немесе фермер қожалықтары бір жеңіл моторлы көлік құралы бойынша (жүк алаңы бар және жүргізуші кабинасы жүк бөлігінен қатты тұрақты қалқа арқылы бөлінген пикаптар) көлік салығын төлеуден босатылады.
 Көлік құралдарының түріне байланысты (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар) санаттарды бөлу нормасы алынып тасталды. Енді көлік құралдарының санаты жүргізуші куәлігінің санатына (A, B, C, D) сәйкес айқындалады.2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген (дайындалған немесе құрастырылған) немесе әкелінген қозғалтқышының көлемі 3000 куб. см-ден асатын жеңіл автомобильдерге арналған ставкалар алынып тасталды.

Заңды тұлғалар үшін көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебін (салық есептілігін) ұсыну міндеті алынып тасталды. Салық төлеуші тек жыл қорытындысы бойынша декларация тапсырады және соған сәйкес төлем жүргізеді.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Өндірістік емес төлемдер басқармасы