Салық тәртібін нығайтуға және адал кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте» серпінді жобаны іске асырылуы туралы

Салық тәртібін нығайтуға және адал кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте» серпінді жобаны іске асырылуы туралы

Жамбыл облысы бойынша МКД адал кәсіпкерлікті ынталандыру салық тәртіпті нығайту мақсатында «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте»! серпінді жобаны іске асыруда.

Жобаның негізгі мақаттары:      

Ашық экономикалық орта құру үшін кәсіпкерлердің кірістерін ашық көрсету, көлеңкелі айналымнан шығару.

Жалдамалы жұмысшыларды заңдастыру мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;

Салықтық мәдениеттілігін арттыру.

акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, бақылау және адал кәсіпкерлдікті ынталандыру болып табылады

Құрметті салық төлеушілер көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетулерін, аталған жобаға ат салысуларыңызды сұраймыз.

Сіз сауда орындарында орналасқан QR кодын қолдана отырып, Департаментке хабарламалар жіберу арқылы қатыса аласыз. Департаментке

  • Бақылау-касса аппаратының болмауы;
  • Чектердің берілмеуі
  • Банк картасымен төлем қабылдаудан бас тарту
  • Алкоголь және темекі өнімдерін акциздік маркасыз сату

фактілер бойынша хабарлауға болады.

Әрбір хабарлама бойынша Департамент салықтық бақылаудың тиісті шараларын қабылдайды. Жалпы түскен хабарламалардың саны 39, олардың 37 бойынша шаралар қабылданған.

Ағымдағы нәтижелер де бар, мысалы тіркелген кәсіпкерлердің саны, кассалық бақылау машиналардын тіркелуі, табыс көлемдері ұлғаюы және тағы да басқа жақсы нәтижелер бар.

Ашық экономикалық ортаны құру – бұл өңірдің болашағына инвестиция, ол жерде азаматтар қорғалуда, бизнес адал жұмыс жасайды, ал мемлекет даму үшін ресурстарды алатын орта болып табылады.

 СҚ 110-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар, модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген бақылау-касса машинасы мiндеттi түрде қолданылып жүргiзiледi.

Бақылау-кассалық машинасы (БКМ) – тауарлар мен қызметтер үшін төлемдерді тіркеуге, фискалдық чектерді басып шығаруға және қаржылық операциялар туралы мәліметтерді салық органдарына жіберуге арналған электрондық құрылғы.

Бақылау-кассалық машинаны қолданудың негізгі маңызы:

Мемлекеттік бюджетке салықтың дұрыс түсуін қамтамасыз етеді;

Кәсіпкердің қаржылық тәртібін нығайтады;

Көлеңкелі экономиканың алдын алады;

Тұтынушылардың құқықтарын қорғайды.

Чек – сатып алушының заңды құжаты болып табылады. Ол тауарды қайтару немесе ауыстыру кезінде дәлел ретінде қызмет етеді.

Сондықтан барлық сатып алушыларды – чекті талап етуге, яғни өз құқықтарын іске асыруға шақырамыз.

Бақылау-кассалық машинасы – қазіргі кәсіпкерлік қызметтің ажырамас бөлігі. Ол қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекет пен кәсіпкер арасындағы есеп айырысуды жеңілдетеді. Сондықтан бақылау-кассалық машиналарын дұрыс және заң талаптарына сай қолдану – әрбір кәсіпкердің міндеті

Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы