💠 2 сәуірде, Тараз қаласында Департамент ғимаратында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит Департаментінің басшылығымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу жұмыста жаңа тәсілдерді, оның ішінде салықтық, кедендік тексерулер, экспорттық бақылау және берешекті өндіріп алу бағыттары бойынша цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және бизнеспен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшуге арналған.
🔹 Жұмыс кездесуі Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің директоры Қадыр Рыспанұлы Исмагулов пен Мемлекеттік кірістер комитеті аудит департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Аслан Нұрбосынұлы Тобықбаевтың қатысуымен өтті. Кездесуге департамент басшысы Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаевтың басшылығымен Департамент ұжымы қатысты.
🔹 Бұл кездесу нәтижелі және сындарлы түрде өтті. Департаменттің жұмысы бойынша ағымдағы жағдай, сондай-ақ жекелеген бағыттардың маңызды мәселелері айтылды, Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері тарапынан Департаменттің барлық назар аударарлық бастамаларына қолдау көрсетілетіні айтылды. Сонымен қатар, жалпы өңірдің дамуының оң динамикасы атап өтілді.
🔹 Жаңа тәсілдерді іске асыру салық процестерінің көпшілігі автоматты түрде жүргізілетін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының ыңғайлы және ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы