М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқушыларына және ұстаздар құрамына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ынтымақтасу Меморандумға қол қойылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқушыларына және ұстаздар құрамына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ынтымақтасу Меморандумға қол қойылды

     Салық мәдениетті арттыру, салық және кеден сауаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік кірістер органдары туралы ақпараттандыру, кірістер органдарында өндірістік тәжірибиеден өту, жұмысқа орналастыруға қызығушылық көтеру мақсатында - М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің оқушыларына және ұстаздар құрамына жиналыс ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
     Жиналыс барысында университет ректоры Л.К.Еркинбаева Департаменттің бастамашылығын толық қолдап, ынтамақтасуды ұсынды. Сонымен қатар, Департамент тарапынан басшының орынбасары Е.К.Керимов студенттердің қызығушылығын артуға тиісті мағлуматтар және туындаған сұрақтарға жауаптарын берді.
     Заманауи талаптарға сәйкес, Департамент кірістер органдарында жас мамандарды қатарымызға кіруді әбден құптайды.
     Түсіндіру жұмыстар нәтижесімен университет пен Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға екі жақтан қол қойылды.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы