Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынымен бірлесіп қаладағы ірі «MART» сауда үйінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бұл жұмыстардың мақсаты — Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру.

Іс-шара барысында кәсіпкерлер мен азаматтарға арнайы салық режимдерін қолдану жөніндегі жаңа ережелер туралы толық ақпарат беріліп, сондай-ақ, салық режимі туралы хабарламаларды уақтылы беру қажеттілігі туралы ескертілді.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енуіне орай, Салық кодексімен үш ғана арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимдері. Бұрын болған АСР (патент, арнаулы мобилды қосымша, бөлшек салық, тіркелген шегерім, АШӨ үшін АСР) күшін жойды.
2026 жылға дейін АСР-рін қолданған кәсіпкерлер, 2026 жылға жаңа Кодексінің өтпелі ережелеріне сәйкес, ары қарай тиімді жұмыс жасау үшін, режимді таңдау керек, яғни берілген уақыт аралығында режимді тандау бойынша өз құқықтарын іске асыру қажет.
Атап айтқанда, 2026 жылға оңайлатылған декларация бойынша қызметті жүзеге асыруға шарттарына сәйкес келетін және арнаулы салық режимін қолдануды жоспарлаған барлық кәсіпкерлерге 28 ақпаннан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсыну керектігін екенін хабарлаймыз. Хабарламаны: салық төлеушінің кабинеті; «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары; және тіркеу орны бойынша МКБ арқылы ұсынуға болады. Бар-жоғы хабарлама беру 1 минут уақытыңызды алады.
Хабарлама ұсынылмаған жағдайда, сіз жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырыласыз және оңайлатылған декларацияға көшуді, тек бір жыл өткен соң ғана жүзеге асыра аласыз.
Барлық кәсіпкерлерді АСР қолдануға өз құқықтарын іске асыруға шақырамыз.