
Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өтті.
Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, салықтық жеңілдіктер және басқа да тақырыптар.
Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы