Жамбыл облысының МКБ-да ашық есік күні акцияларын өткізу туралы, негізгі тақырып: 2026 ж. Салық Кодексіндегі жаңалықтар

Жамбыл облысының МКБ-да ашық есік күні акцияларын өткізу туралы, негізгі тақырып: 2026 ж. Салық Кодексіндегі жаңалықтар

Жамбыл облысының Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында  салық төлеушілерге Ашық есік күндер акциясы өтті, осы акция шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды және тиісті түсіндірмелері берілді. Акция шеңберінде түсіндірме алуға өтініш білдіргендердің жалпы саны 12 құрады.

 Іс-шараға қатысушылар – заңды тұлғалардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.

Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды: салық есептілігі нысандарының қысқаруы, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалануы, жалпыға бірдей декларациялау,салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да сұрақтар.

Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер өзгерістерге дайындық бойынша тәжірибеліқ ұсыныстар алды және өзекті мәселелерді талқылады.

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы