
2025 жылғы 11 қыркүйекте облыс Жамбыл облысының әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің төрағалығымен уәкілетті органдардың қатысуымен жергілікті бюджеттің қосымша резервтерін қамтамасыз ету жол картасының ағымдағы орындалу барысы туралы кеңес өтті.
Жол картасының ағымдағы орындалу барысы туралы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Қ. Сарсембаев баяндады.
Мемлекеттік бюджет бойынша 2025 жылдың 8 айының жоспары 102,7 пайызға орындалды, жоспар 188,2 млрд. теңге болса, нақты түскені 193,3 млрд. теңгені құрады, немесе 5,0 млрд. теңгеге артты. Өсу қарқыны 114,8 пайыз немесе 24,9 млрд. теңгеге артты.
Жергілікті бюджет бойынша болжам 104,9 пайызға орындалды, жоспар 136,9 млрд. теңге болса, нақты түскені 143,6 млрд. теңгені құрады, немесе 6,7 млрд. теңгеге артты. Өсу қарқыны 118,7 пайыз немесе 22,7 млрд. теңгеге артты.
Жеткізілген болжамды орындау мақсатында барлығы 8,9 млрд. теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілген. Оның ішінде: камералдық бақылау шеңберінде -2,5 млрд.теңге, аудит бойынша-1,1 млрд. теңге, өндірістік емес төлемдер бойынша-1,5 млрд. теңге, басқа да бағыттар бойынша-0,9 млрд.теңге, сонымен қатар, уәкілетті органдармен іс-шаралар жоспары бойынша жол картасын іске асыру аясында оң нәтижеге қол жеткізіліп, бюджетке қосымша 2,9 млрд.теңге түсімдер қамтамасыз етілді.
Баяндамамен келесі бағыттар қамтылды: берешектер, мемлекеттік сатып алу, басқа аумақтардың мердігерлері, инвестициялық жобалар, субсидиялар туралы ақпарат, берілген рұқсаттар, сауда қызметін бақылау, базар қызметі, сауда орындарын жалға алушылар, рейдтік іс-шаралар, мүліктік кіріс, еңбек мигранттарын анықтау және заңдастыру, жер, мүлік салығы, су пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені және сыртқы жарнама орналастырғаны, жануарлар дүниесін ормандарды пайдалану үшін төлемақылар бойынша салық салынатын базаны ұлғайту шаралары, салық мөлшерлемелерің ұлғатуы, жер қойнауын пайдалану, акцизделетін өнімдерді бақылау және т.б.
Т.Сарсембаев өз баяндамасында уәкілетті органдардың салықтық әкімшілендіруге қажетті мәліметтерді ұсынбауын және Жамбыл облысында қызметін (инвестициялық жобаларды) жүзеге асыратын салық төлеушілерді басқа өңірлерде тіркеуде тұрса да Жамбыл облысына тіркеуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Ол жол картасын жүзеге асырумен айналысатын барлық органдарды тиісті ақпаратты жедел және толық беруге, күш-жігерін күшейтуге және жол картасының белгіленген бағыттарын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Облыстың мемлекеттік кірістер органдары жол картасын үнемі түрде жүзеге асыратындығын және алдағы уақытта да жалғасады.
Жалпы алғанда, ағымдағы жағдай жол картасының белгіленген бағыттарын жүзеге асыруда оң нәтижелер көрсетіп отыр.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы