Ағымдағы жылы 15 және 16 қыркүйек күндері Жамбыл облысының Сарысу және Байзақ аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары және Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері қатысуымен медиа-жоспар шеңберінде Сарысу және Байзақ аудандарының әкімдіктерінің ғимараттарында, 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар – мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Сарысу ауданында семинарға 42, ал Байзақ ауданында 160 тындаушы қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.
Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Келесі семинар 17.09.2025ж. Талас ауданы Қаратау қаласында өтеді.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы