2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Т.Рысқұлов атындағы мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы

2026 жылдан бастап Салық кодексіндегі жаңашылдықтар бойынша Жамбыл облысының Т.Рысқұлов атындағы мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен семинар өткізу туралы

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық жүйесінің ашықтығын арттыру үшін стратегиялық маңызға ие. Осыған байланысты Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін еліміздің барлық өңірлерінде қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіруге бағытталған 📢 ақпараттық науқанды жүргізілуде.
🏛️🤝💼 Бұл ақпараттық науқан Жамбыл облысы бойынша МКД мен аудандық МКБ ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Түсіндіру кездесулері кезекті аумақ – Т.Рысқұлов ауданы болды. 📈
📍 Құлан ауылындағы М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтіп, жиын барысында қатысушыларға жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері кеңінен таныстырылды. 💼 Әсіресе, қосылған құн салығын, корпоративтік және жеке табыс салығын есептеу мен төлеуге қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды.
📊 Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салудың ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және бюрократиялық кедергілерді азайту шаралары сияқты маңызды жаңалықтар бойынша жан-жақты ақпарат алды.
🤝 Кездесу соңында өзекті сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, бұл конструктивті диалог пен тиімді пікір алмасуға жол ашты.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы