Жамбыл облысының Қордай, Меркі және Шу аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге арналған семинарлар өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: салық есептілігінің нысандарын қысқарту, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформасы, жалпыға бірдей декларациялау, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да тақырыптар.
Ашық диалог форматында өткен кездесу салық төлеушілерге алдағы өзгерістерге дайындалу бойынша нақты ұсыныстар алуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.