Жамбыл облысының Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Мойынқұм және Байзақ аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында салық төлеушілерге Ашық есік күндер акциялары өтті, осы акциялар шеңберінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер талқыланды және тиісті түсіндірмелері берілді.
Іс-шараға қатысушылар – жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, шаруа қожалықтарының басшылары, есепшілер – салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.
Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды: салық есептілігі нысандарының қысқаруы, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, ҚҚС реформалануы, жалпыға бірдей декларациялау,салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және басқа да сұрақтар.
Ашық диалогтың арқасында салық төлеушілер өзгерістерге дайындық бойынша тәжірибеліқ ұсыныстар алды және өзекті мәселелерді талқылады.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы