📌Табыстарды көлеңкеден шығару және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар

📌Табыстарды көлеңкеден шығару және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар

📌Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарын көлеңкеден шығару мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізуде.

 

📌Атап айтқанда, ағымдағы жылдың басынан бастап қоғамдық тамақтандыру және демалыс ұйымдастыру саласында (мейрамханалар, кафелер, фитнес клубтар) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің нақты табыстарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен 6 хронометраждық зерттеп-қарау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 5 бизнес субъектісі қосымша декларациялар тапсырып, табыстары 171,1 млн теңгеге ұлғайды, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар саны 30 адамға артты. Бюджетке қосымша 4,6 млн теңге салық түсті.

 

📌Сонымен қатар, салықтық тексерулер жүргізбестен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларына сәйкес өткізілген тыңдаулар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 14 бизнес субъектісі бойынша табыс 734,5 млн теңгеге ұлғайып, бюджетке 17 млн теңге көлемінде салық төленді.

 

💠Сондай-ақ, 52 блогердің қызметіне салықтық әкімшілендіру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 34 блогер бойынша бюджетке 47,1 млн теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.

 

‼️‼️‼️Аталған жұмыстар облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ерекше бақылауында және тұрақты түрде жалғасатын болады.