Шекарада темекі контрабандасы тоқтатылды: үш күнде екі жағдай!

Шекарада темекі контрабандасы тоқтатылды: үш күнде екі жағдай!

Шекарада темекі контрабандасы тоқтатылды: үш күнде екі жағдай!

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, темекі өнімдерін заңсыз тасымалдау әрекеттерінің жолын қатаң түрде кесіп келеді.

📆 16 шілде — «Қасық» шекаралық бекетінде Oris маркалы темекілерді қоса алғанда 7 830 қаптама сигарет тәркіленді.

📆 19 шілде — «Қарасай батыр» бекетінде тағы 5 000 қаптама темекі тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша акциз сомасы 1 590 000 теңгені құрайды.

💼 Материалдар Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

👉 Контрабанданы анықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде:
📊 2025 жылдың 6 айында 11 дерек тіркеліп, 1,4 миллионнан астам қаптама темекі өнімдері тәркіленді.