Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы
💠Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурызда басталған, микро- және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңейтілгені туралы хабарлайды.
2025 жылғы 15 маусымнан бастап жобаға келесі өңірлер қосылады:
- Тараз қаласы (Жамбыл облысы)
- Мойынқұм ауданы (Жамбыл облысы)
- Байзақ ауданы (Жамбыл облысы)
- Сарысу ауданы (Жамбыл облысы)
- Талас ауданы (Жамбыл облысы)
- Меркі ауданы (Жамбыл облысы)
- Т. Рысқұлов ауданы (Жамбыл облысы)
- Шу ауданы (Жамбыл облысы)
- Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы)
- Қордай ауданы (Жамбыл облысы)
- Жуалы ауданы (Жамбыл облысы)
💠Естеріңізге саламыз, «Salyq кэшбэк» жобасы биыл кезең-кезеңімен: 2025 жылғы 15 наурыздан, 15 сәуірде, 15 мамырдан және 1 маусымнан бастап іске қосылған болатын.
«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін:
1.Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
2.Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2%-ы мөлшерінде кэшбэк алу қажет.
💠Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына есептеуге болады.
Сыйақыны есептеу «Amian» мобильді қосымшасы арқылы «IT Analytics» ЖШС операторы арқылы жүзеге асырылады. Қосымша App Store мен Google Play платформаларында тегін жүктеуге қолжетімді 💠Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушылық құқықтарын қорғау мақсатында бақылау-кассалық машиналардың чектерін талап етуге шақырады.