
Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекттік кірістер комитетінде хабарлады.
«Электрондық үкімет» порталында (Е-gov.kz) «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы No 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабының негізінде», Қазақстанда жалпыға бірдей декларация 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап
2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап
3 кезең – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап
4 кезең – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап
Декларацияны ұсынудың соңғы мерзімі:
15 шілдеге дейін – қағаз жүзінде
15 қыркүйекке дейін – электронды түрде
Электрондық нысандағы декларацияны «Салық төлеуші кабинеті» және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) E-gov.kz порталында ұсынуға болады.