Контрафактіні тоқтат

Контрафактіні тоқтат

Әлемдік жалған тауарлар нарығы үнемі кеңейіп келе жатқаны ешкімге құпия емес. Жалған тауарларды жосықсыз өндірушілер мен жеткізушілер қазақстандық нарықты да жасанды тауарлармен толтыруға белсенді тырысуда.

Бұл ретте, контрафактілік өнімдердің жекелеген түрлері ресми өндірушілердің заңды мүдделеріне және әріптес мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық қатынастарды құрудағы Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіріп қана қоймай, біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Мысалы, автомобиль қосалқы бөлшектерін саудалайтын әйгілі "китайка" базары, көбінесе, тек қана бос ақша шығыны болып қана қоймай, біздің жолдарымыздың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған байланысты, контрафактілік өнімдердің Қазақстан нарығына енуінің жолын кесу біздің облыстың кеден бекеттерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында ШҚО бойынша МКД қызметкерлері "Бақты" кеден бекетінде ҚХР-дан импортталатын тауарға кедендік бақылау жүргізу кезінде зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілген тауар белгілері бар контрафактілік өнімді біздің мемлекетіміздің нарығына:

1) "Hyundai" ауа сүзгілері, 1 800 дана мөлшерінде;

2) "TOYOTA" ауа сүзгілері, 5 224 дана мөлшерінде;

3) "Nissan" ауа сүзгілері, 180 дана мөлшерінде;

4) "АВТОВАЗ" майлы сүзгілері, 1 400 дана мөлшерінде;

5) "Samsung" ноутбугіне арналған қуат беру блогы,100 дана мөлшерінде тауарларды әкелудің 5 фактісінің жолын кесті.

Жоғарыда аталған тауар белгілерінің құқық иеленушілеріне жүгіну барысында ұсталған тауарлардың контрафактілік болып табылатыны, ал құқық иеленушілермен келтірілген жалпы залал 11,5 млн.теңгеден астамды құрайтыны анықталды.

ҚР ҚК 222-бабына сәйкес тауар таңбасын заңсыз пайдалану, егер келтірілген залал 2 000 АЕК-тен асып кетсе, қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

 

ШҚО бойынша МКД