ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша тауарды жіктеу

ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша тауарды жіктеу

Еуразиялық экономикалық одағына тауарлардың экспорты мен импортының мемлекеттік реттеуін жүзеге асыру үшін халықаралық классификаторы қолданады – Еуразиялық экономикалық одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН).

ЕАЭО СЭҚ ТН негізінде тауарларды сипаттау мен кодтау Үйлестірілген жүйесінің номенклатурасы мен Еуропалық бірлестігінің Құрамдастырылған номенклатурасы салынған. Тауардың кодты белгісінің бірінші алты белгісі ҮЖ номенклатурасына сәйкес келеді, жетінші мен сегізінші белгілері - Еуропалық бірлестігінің Құрамдастырылған номенклатурасы, тоғызыншы белгі – ТМД СЭҚ ТН. Тауардың оныншы белгісі ұлттық деңгейінде тауарлардың тәптіштеу үшін арналған.

Үйлестірілген жүйесі – тауар позициялары мен субпозициялар, ескертпе, топтар мен тарауларға топтастырылған анықталған белгілер бойынша топтастырылған сандық коддтар және Үйлестірілген жүйесін түсіндіру негізгі ережелерін қосатын  номенклатура болып табылады.

Үйлестірілген жүйесінің номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН негізіне салынғаны болғандықтан, бірдей заңды күші бар келесі ЕАЭО СЭҚ ТН ажырамас құрылым элементтері бар:

- СЭҚ ТН түсіндіру негізгі ережелері;  

- жіктеу бөлігі; 

- тарауларға, топтарға, позицияларға, субпозицияларға ескертулер, қосымша ескертулер.

Алты түсіндіру негізгі ережелер нақты тауарды белгілі тауар позицияға, тиісті субпозицияға және әрі қарай подсубпозицияға жатқызуды қарастырады.

Жоғарыда көрсетілген алгоритмды қадағаламау әкелінген және әкетілген тауарларды декларациялау кезде сыртқы экономикалық қызметіне қатусышыларын қателіктерге әкеледі.

ЕАЭО СЭҚ ТН онсанды код құрылымына әр белгі 0-ден 9-ға дейін өзгертілетін сан тобы бар топ коды, тауар позициясы, субпозициясы және подсубпозиция жатады.

Тауар тобына бірінші екі сан жатады, тауар позициясы – төрт сан, субпозициясы – алты және подсубпозиция – он сан.

Ескерту – СЭҚ ТН жіктеу бөліміне болып өткен және әр жіктеу топтаманың мағынасын нақтылайтын мәтіндік материал.

ЕАЭО СЭҚ ТН сияқты ескертулердің заңды күші бар.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының біркелкі түсіндірілуін қамтамасыз ету мақсатында, кеден органдарының ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы (Еуразиялық экономикалық одағының комиссиясы) тауарлардың жеке түрлерінің жіктелуі бойынша шешімдерді және түсініктемелерді қабылдайды және жариялайды (ЕАЭО ресми сайты www.eurasiancommission.org).

 

 ШҚО бойынша МКД ТРБ