
Мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға сәйкес басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын азаматтардың еңбек қызметі кіреді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші құзыретті, жауапты, коммуникабельді болуы, жұмыс үдерісін ұйымдастыра білуі, салауатты сөйлей білуі және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен этикетін сақтауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет әдебі кәсіби этиканың кіші түрі болып табылады және белгілі бір нормативтік актілермен реттеледі.
Жалпы, мемлекеттік қызметшінің қызметі мемлекеттік конституциялық құрылысты қолдауға, мемлекеттік саясатты, оның ішінде муниципалдық басқару органдары саласында қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған.
Мемлекеттік қызметшінің этика ұғымы қызметкердің жеке қасиеттерімен байланысты, олар: дұрыстық, мәдениеттілік, әдептілік, объективтілік, жұмысқа шығармашылық көқарас, күйзеліске төзімділік, саяси және әлеуметтік эрудиция сияқты қасиеттермен сипатталады.
Демек, мемлекеттік қызметшінің әдебі – мемлекеттік қызметші оның аясында әрекет етіп, шешім қабылдайтын ар-намыс пен адамгершілік кодексінің бір түрі. Кәсіби этика қызметкердің белгілі бір еңбек міндеттерін орындау кезінде ұстануға тиісті нақты мінез-құлық ережелерін қамтиды.
Мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқы барлық азаматтар үшін мінез-құлық үлгісі болып табылады, сондықтан мемлекеттік қызметшіге ерекше талаптар қойылады, оларды сақтамау оның мемлекет және азаматтар алдындағы жауапкершілігіне әкеп соғуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметші ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын және оның қызметін реттейтін заңнамалық және ішкі тәртіптік ережелерін сақтауға міндетті.
Осыны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшінің негізгі этикалық қағидаттары заңдылық, әділдік және құқық үстемдігі болып табылады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің этикалық мінез-құлқының негізгі қағидаттарының біріне мүддесіздік қағидаты кіретін жоғары моральдық принциптер жатады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметші қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерінен жоғары қоюға, адалдық, тәуелсіздік, сыпайылық және т.б. адамгершілік принциптерін сақтауға міндетті.
ШҚО бойынша МКД «Бахты» к/б бас маманы А.Б. Темиргалиева